Атырауда киік еті сатыла бастады

233

Атырау қаласындағы базарда киік еті сатыла бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АқЖайық порталына сілтеме жасап.

Атырауда киік еті сатыла бастады Фото: canva

Оралдан келген сатушы Вячеслав қалаға шамамен 2 тонна киік етін жеткізген.

Оның айтуынша, тұрғындар тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан, әкелген ет түгелдей өтіп кеткен.

"Кейбірі көп мөлшерде көтермемен алды, енді бірі келілеп сатып әкетті. Біз ресми түрде жұмыс істейміз: өзіміздің аңшылық шаруашылығымыз бар, барлық құжаттар мен куәліктер заңға сай рәсімделген. Әрбір етті ветеринар мамандар тексеріп шығады", – дейді ол.

Қазір киік етінің көтерме бағасы – 2000 теңге, ал бөлшек саудада келісі 2200 теңге.

"Киікті атып алмаймыз. Алдымен аумен ұстап, кейін соямыз. Осылайша, ет ұзаққа шыдамды болады", – деп атап өтті Вячеслав.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу