Атырауда қоғамдық көліктер паркі 20 жаңа автобуспен толықты

1670

Ал келер жылы қосымша 200 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. 

Атырауда қоғамдық көліктер паркі 20 жаңа автобуспен толықты

№ 4 және №8 бағыттар бойынша жаңа қоғамдық көліктер жолға шықты, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қоғамдық көлікті жаңарту жоспары аясында 2019 жылға дейін Атырауда қоғамдық көліктер паркіне 20 жаңа автобус қосылды. Осыған байланысты №4 және №8 бағыт толығымен жаңартылады .

Ал келер жылы қосымша 200 жаңа автобус сатып алу жоспарланып отыр. 

Айта кетейік,  жаңа автобустар сатып алуға қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген жоқ. Қоғамдық көлік "БРК-Лизинг" АҚ операторы болып табылатын автобус паркін жаңартудың жаңа бағдарламасы бойынша сатып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу