Атырауда қоғамдық жолаушы тасымалына 170 автобус жетіспейді

1128

Атырауда қоғамдық жолаушы тасымалына 170 автобус жетіспейді

Атырау облысында  жолаушы тасымалы мәселесінде бірқатар проблема бар. Қазірдің өзінде 170 қоғамдық көлік жетіспейді.

Жалпы облыс орталығында 30 бағдар бойынша автобус қатынайды. Қала іші және барлық ықшамаудандар толықтай қамтылған. 8 мекеме осы саламен айналысады.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Серікбай Қазиевтің айтуынша, өткен жылы қоғамдық көлікті 19,5 млн адам пайдаланған.

"Жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында қала бойынша 250 автобус GPS-трекер және автоинформатормен қамтамасыз етілді, сондай-ақ, негізгі аялдамаларға 20 ақпараттық табло орнатылды. Автоматтандырылған навигация құрылғыларының жұмысын бақылау үшін "Смарт Атырау" КММ диспетчерлік қызмет орталығы құрылды. Бұл мекеме жолаушылар қозғалысын жаңа технологияларды енгізу арқылы жайлы және қауіпсіз ету, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында жұмыс істейді, – дейді Серікбай Қазиев.

Бөлім басшысы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте осындай жаңалықтармен қатар шешуін күткен мәселелерді де жасырмады.

"Тасымалдаушыларға автобус көліктері аздық етуде, қолданыстағылары да тез ескіреді. Бұл тасымал шығынының өсуіне және қауіпсіздіктің төмендеуіне әкеледі. Тасымалдаушылар өз күшімен автобус паркін жаңартуға қауқарсыз. Осыған орай қала әкімдігі автобус паркін жаңарту арқылы жолаушы тасымалының сапасын көтеруге мүмкіндік беретін әлеуметтік мәні бар бағыттарды субсидиялауды қарастырып отыр", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу