Атырауда қоқыс жанына мұқтаж жандарға арналған тоңазытқыш қойылды

1026

 Бастама мұқтаж жандарға көмек көрсету мен азық-түлік қалдықтарымен күресуге бағытталған.

Атырауда қоқыс жанына мұқтаж жандарға арналған тоңазытқыш қойылды Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік маңызы бар бұл бастаманы қазақстандықтар бірауыздан қолдап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғындары қоқыс жәшіктерінің жанына электр желісіне қосылған тоңазытқыш орнатуды шешті. Бұл тоңазытқышқа жемейтін, бірақ жарамдылық мерзімі әлі өтпеген азық-түліктерді салуға болады.

Тұрғындардың айтуынша, тамақты тастағанша, сол тоңазытқышқа қалдыруға болады. Ал мұқтаж адамдар ол жерден тегін азық-түлік алып кете алады.

Instagram желісінде бұл видео тез тарап, танымал болды. Қазақстандықтар түрлі жағымды пікір қалдырды.

"Мен тіпті арнайы дайындап апаратын едім!", "Мұндай тоңазытқыштарды қоқыс жанына емес, дүкендердің маңына қойған дұрыс болар еді", "Керемет! Идея өте жақсы!", "Кейде тамақты тастауға қимайсың. Мен де қалдырып кетер едім", – деп жазды желі қолданушылары.

Қазақстандықтар осындай жобаларды басқа қалаларда да іске асыруды ұсынып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу