Атырауда қонақүй өртенді

336

Құтқарушылардың жұмысын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған.

Атырауда қонақүй өртенді Фото: Бейнежазбадан

Атырау қаласындағы К. Смағұлов көшесінде орналасқан қонақүй ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бір қабатты ғимаратта болған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.

– Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖМ-нің 30 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу