Атырауда қонақүй өртеніп, 2 адам зардап шекті

71

Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.  

Атырауда қонақүй өртеніп, 2 адам зардап шекті Фото: azh.kz коллажы

Қалада Алтай көшесіндегі қонақүй кешендерінің бірі отқа оранған, жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 4 қабатты қонақүйдің саунасының бірінші қабатындағы бу бөлмесінің өртенгенін анықтады.

Өрт кезінде құтқарушылар 13 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ 2 адам құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ күшімен өрт толықтай сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу