Атырауда құлсарылық кәсіпкерлер базарды ашуды сұрады (Видео)

727

Негізгі өтініштері —  базарлар мен сауда орындарын ашу. 

Атырауда құлсарылық кәсіпкерлер базарды ашуды сұрады (Видео)

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында бір топ шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері жергілікті әкімдік алдына жиналып, өз талаптарын қоюда. Негізгі өтініштері —  базарлар мен сауда орындарын ашу.

Жылыой ауданның бас санитарлық дәрігері Т.Хабибуллиннің қаулысына сәйкес, онда 18 маусымға дейін карантин жарияланған еді. Аталған қаулыға сай, коронавирус дертінің таралып кетпеуі үшін барлық азық-түлік  сатпайтын сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуінетиым салынған. Өйткені, соңғы мәліметтер бойынша, Жылыой ауданы аумағында орналасқан Теңіз кен орнында 1013 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелсе, ауданның елді мекендерінде 43 жағдай анықталды. Оның 33-і Құлсары қаласынан шықты. Науқастардың екеуі жақында қайтыс болды.

"Қазіргі кезде жиналған кәсіпкерлермен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олардың арасында Жылыой  ауданының әкімі мен ауданның Бас санитарлық дәрігері де бар. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен Құлсары қаласына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев жол жүріп кетті", – деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құралай Қуатова

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу