Атырауда "қызды" ұрлап пранк жасаған 3 жігітке айыппұл салынды

276

Cотта құқық бұзушылардың кінәсі әкімшілік хаттамалар, фотосуреттер, бейнежазбалар және басқа да материалдар арқылы толық дәлелденді.  

Атырауда "қызды" ұрлап пранк жасаған 3 жігітке айыппұл салынды Фото: Видеодан скриншот

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша үш азамат Ж., Ғ. және Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 14 қазанда сағат 15:10 шамасында Атырау қаласындағы кафелердің бірінің алдында Ж., Ғ. және Д. қоғамдық орын тәртібін бұзып, "қызды" айқай-шумен көлікке күштеп отырғызып, бейнежазба түсіру мақсатында айналадағы адамдарға құрметсіздік танытқан. Бұл әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды.

Алайда 22 жастағы "қыз" олардың үстінен шағым жазбаған. Дегенмен, полиция заң бұзғандарды ұстады.

ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес, кінәлілерге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу, 20-60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту немесе 5-10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қарастырылған.

Сот шешімімен Ж., Ғ. және Д. кінәлі деп танылып, әрқайсысына 78 640 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Cот қаулыcы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу