2 қыркүйек күні сағат 11:39 шамасында Атырау қаласындағы З.Қабдолов көшесінің бойында бейнебақылау камералары арқылы Granta автокөлігінің жүргізушісі мас күйде көлік басқарып келе жатқаны анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізушінің ауыр дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен мас күйде көлік басқарған 90-ға жуық жүргізуші анықталып, олардың әрқайсысына қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды.