Атырауда мектептегі жанжалдан кейін 15 жастағы оқушы жоғалып кетті

108

Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды.

Атырауда мектептегі жанжалдан кейін 15 жастағы оқушы жоғалып кетті Фото: azh.kz

Атырауда 15 жастағы оқушы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыздың анасы оның жоғалуын мектеп әкімшілігімен болған жанжалмен байланыстырады. Анасының айтуынша, оқу жылының басында қызын жаңа мектепке ауыстырған. Алайда көп ұзамай оқушы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары арасында түсініспеушілік туындаған. Әйелдің сөзінше, кейін сынып ішінде қызына қарсы түсініктеме жинау басталған. Осы жағдайға байланысты ол e-Otinish порталы арқылы ресми шағым түсірген.

"Қызыма директордың орынбасары тарапынан қысым жасалды. Сыныптастарын оған қарсы түсініктеме жазуға мәжбүрледі. Кейін құжаттарын алып кетуге итермеледі", – дейді анасы.

19 ақпанда мектептен қоңырау түскен, алайда анасы жұмыс орнында болғандықтан жауап бере алмаған. Келесі күні мектепке барғанда оған оқушылардың жазбаша түсініктемелері көрсетіліп, қызының құжаттарын алу қажеттігі айтылған.

Осыдан кейін қыз үйіне келген. Алайда біраз уақыттан соң пәтерден қайта шығып кетіп, содан бері оралмаған. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімге іздеу жарияланып, оны полиция іздестіріп жатыр.

Әзірге білім басқармасы мен мектеп тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу