Атырауда мереке қарсаңында аналар "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталды

1760

Бүгінде мұнайлы өңірде 16 485 көпбалалы ана тұрады. 

Атырауда мереке қарсаңында аналар "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталды

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында атыраулық 7 ана "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері атанды, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгінде мұнайлы өңірде 16 485 көпбалалы ана тұрады. Олардың ішінде 2035 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. Еңбекке қабілетті 1500-ден астам ана тұрақты жұмыспен қамытылған.

Өңірде биылдан бастап көпбалалы әрбір отбасының жеке әлеуметтік картасы жасақталды. Сол дерек бойынша күн көрісі төмен деп танылған отбасылардағы әр балаға 20 789 теңге кепілдік көмек ретінде төленеді. Бұл мақсатқа 677 миллион теңге қаржы бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу