Атырауда наурызға арналған концерт кезінде 80-ге жуық бала жоғалған

114

Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара кезінде Исатай-Махамбет алаңында 78 бала ата-анасынан көз жазып қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырауда наурызға арналған концерт кезінде 80-ге жуық бала жоғалған Фото: polisia.kz

Олардың барлығы жедел түрде табылып, заңды өкілдеріне табысталды.

– Басым бөлігі бір сағатқа жетпей анықталды. Тек бір жасөспірімді полицейлер 3 сағатқа жуық іздеді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көпшілік шара барысында ата-анасынан көз жазып қалған 7 жастағы жасөспірім бейнекамералар арқылы анықталды.

Бүлдіршін анасын таппаған соң, бірден оның жұмыс орнына баруға шешім қабылдаған. Балақайды камера арқылы анықтаған инспекторлар анасына әкеп қауыштырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу