Атырауда облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы ауысты

1598

Бұл қызметке Нұрлан Сүйінбаев тағайындалды

Атырауда облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы ауысты

Атырау облысында кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы келді. Бұл қызметке "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен, Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Нұрлан Сүйінбаев тағайындалды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Нұрлан Сүйінбаев 1973 жылы 16 қарашада дүниеге келген.

Халықаралық басқару, бизнес және құқық институтының заңгер-менеджері және Қ. Жұбанов  атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің экономист-қаржыгер мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар.

2003 жылдан мемлекеттік қызмет жүйесінде жұмыс істей бастады. Әр жылдары Атырау облысы әкімдігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті, мұнай-газ кешені, сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат басқармасы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінде басшылық қызмет атқарған.

Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратының жетекшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңірлік департаменттерінде жұмыс істеді. Қызмет жолын 1990 жылы Қарабұтақ аудандық дайындау ұйымында жұмысшы ретінде бастаған. Әр жылдары "Инициал" инвестициялық, приватизациялық қорында тіркеуші, инвестициялар жөніндегі директор, "Қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі" АҚ Ақтөбе филиалының конкурстық басқарушысы, "Жылу энергиясы" АҚ заңгер-кеңесші, бөлім басшысы, "Интертрейд" АҚ директоры қызметін атқарды.

Белгілі болғандай, Нұрлан Болатұлы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүйесінде 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорлығына дейін Ақтөбе облысы ӨКП әкімшілік бөлім жетекшісі қызметінде болған.

Айта кетейік, Атырау облыстық  кәсіпкерлер палатасын бұған дейін Абдолла Идрисов басқарған болатын. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу