Атырауда өрт кезінде 5 адам құтқарылды

283

Құтқарушылар көпқабатты үйдегі пәтерден тұрғындарды эвакуациялады.  

Атырауда өрт кезінде 5 адам құтқарылды Фото: Бейнежазбадан

Атырау қаласының Привокзальный-3 шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілсіз жау ас үйдегі жиһазды шарпыған. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері автосаты мен құтқару қалпақтарының көмегімен ғимараттан бес адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды.

Өрт толық сөндірілді.

ТЖМ төтенше жағдай туындаған кезде "112" нөміріне хабарласуды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу