Атырауда пара алған ЖОО оқытушылары жұмыстан шығарылды

524

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 8 оқытушысы парақорлық әрекеті үшін жұмыстан шығарылды. 

Атырауда пара алған ЖОО оқытушылары жұмыстан шығарылды Фото: Kazakhstan Today

Олар соңғы бір жарым жылда студенттерден 5 мыңнан 400 мыңға дейін заңсыз ақша алған, деп жазады inbusiness.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Осы арқылы білім алушылар үшін емтихан тапсырып, сессиясын жауып берген. Тіпті тест сұрақтарын саудалап, өндірістік практикаға жоғары баға қойған. Қызметін асыра пайдаланғандарды оқу орнының жанынан құрылған жемқорлыққа қарсы қызмет анықтады. Сөйтіп, келісімшарт біржақты бұзылды. 10 студент те оқудан шығарылды. Жауапты мамандар қазір тексерісті бірнеше есе күшейткен. Енді студенттердің пара ұсынғаны анықталса, олар да елдің өзге университеттерінде білім алу құқығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу