Атырауда полиция саласында қызметтік тексеріс нәтижесінде бірқатар басшылар қызметінен босатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Тексеру барысында бірнеше әскери-қызметтік тәртіптің өрескел бұзылғаны анықталған.
"Қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуына, тиісті бақылаудың және жұмысты ұйымдастырудың болмауына байланысты Ішкі істер министрінің бұйрығымен Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ Атырау облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы мен есірткі құқықбұзушылықтарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылары қызметтерінен босатылды", – делінген ІІМ таратқан хабарламада.
Министрлік құқық қорғау органдарында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау тұрақты бақылауда екенін атап өтті.