Атырауда полиэтилен шығаратын зауыт салынады

675

Атаулы жобаны бастау жөнінде "Қазмұнайгаздың" басқарма төрағасы Chevron Phillips басшысымен сәйкес келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Атырауда полиэтилен шығаратын зауыт салынады Фото: egemen.kz

Алдағы уақытта әлемдегі газ-химия кешенінің ең ірісі бізде болады. MarTECH ADL технологиясымен жасалатын полиэтилен өнімдері тығыз әрі әлемде жоғары сұранысқа ие. Кәсіпорын іске қосылса жылына 625 мың тонна полиэтилен өндіріледі. Инвестор - Chevron Phillips. Ірі компания мен "Қазмұнайгаз" арасындағы келісімге қол қойылды.

"Шеврон Филипс бұл американдық компания. Бұлар полиэтилен жұмысының жобалау жұмыстарын бастайды. Сонымен қатар полиэтилен шығаратын технологиясын бізге береді. Мына зауыт ол Атырау облысында орналасқан еркін экономикалық аймақта орналасатын болады. Жылына 625 мың тонна полиэтилен өндіруге мүмкіндік беретін тағы бір технология орнатылады. Келісім бар. Екі технологиялық жабдық жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен шығарады", - деп мәлімдеді "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Қазақстан тарапы америкалық серіктестермен газ-химия саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың аясы одан әрі кеңейе бермек. Кездесу барысында тараптар өзара байланысты нығайту жолдарын пысықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу