Атырауда газ химиялық кешенінің құрылысы басталды

1524

Атырауда газ химиялық кешенінің құрылысы басталды

Атырау облысында полипропилен шығаратын газ химиялық кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды КазТаг.
Астанада мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен "Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың  қадамы" ұлттық телекөпір барысында құрылысқа бастау берілді. 
"Жобаны жүзеге асырумен – "Ұлттық индустриалды мұнай химиялық технопаркі" арнайы экономикалық аймақтың аумағында полипропилен шығаратын интеграцияланған газ химиялық кешеннің бірнші фазасының құрылысын "KPI Inc."ЖШС жүргізуде. Бүгінде лицензия беруші анықталды –CB&I Lummus компаниясы, бас мердігер таңдалып қойылды, жобалық сметалық құжатнама жасақталып, бекітілді", - деп хабарлады әкімдіктен. 
Жобаның мақсаты – Қазақстанда мұнай ілеспе газын өңдеу бойынша кәсіпорын құру, өндірістік тұтынудағы тауарлар спекторы өндірісін құру. 
Құрылыс барысында нысанда 4 мың адамға дейін жұмысқа тартылады, ал іске қосылғаннан кейін 500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұдан басқа, өндірістің аралас салаларында 3 мыңға дейін жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 
Жоспарланып отырған газ химия өндірісі базасының өнімі 50-ден астам түрлі полимерлі өнім шығаратын шағын және орта бизнес үшін шикізат болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу