Атырауда реновация бағдарламасы тоқырап тұр

92

4 жыл бұрын таныстырылған реновация іс жүзінде алға жылжыған жоқ.    

Атырауда реновация бағдарламасы тоқырап тұр Фото: kazpravda.kz

2022-2026 жылдарға арналған "Атырау қаласының тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасына" сәйкес өткен ғасырдың 40-60-жылдары салынған 236 тұрғын үйді сүріп тастау жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Бұл ретте міндетті шарттардың бірі – ықтимал құрылыс компаниясының болуы, ол сүрілетін үйдің тұрғындарына жаңа пәтер беруді өз мойнына алуы тиіс болатын.

Атырау қаласы әкімдігінің дерегінше, бағдарлама аясында жеке инвесторлардың қатысуымен бар болғаны жеті көпқабатты тұрғын үй сүрілген. Олар Абай көшесі 28, 30, 32, 34, Яблочный даңғылы 1, Азаттық даңғылы 72а және Крупская көшесі 71 мекенжайларында орналасқан.

Ведомство бағдарламаны толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы жалғастыратынын хабарлады.

Сонымен қатар, өткен жылы Атырауда тағы жеті екіқабатты апатты үй сүрілген: Қожақаев көшесі 1, Дружба көшесі 8, 12, Бейбітшілік көшесі 64, 66, Ондасынова көшесі 9 және Стахановцев көшесі 3.

Атыраудағы 89 апатты үйдің тұрғындары көшірілмек. Ал биыл сүрілетін үйлердің тізімін әкімдік енді жасап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу