Атырауда № 15 мекеме аумағына тыйым салынған заттарды ерекше әдіспен жеткізу әрекетінің жолы кесілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кешкі уақытта колония аумағына келіп қонған күдікті ұшу аппаратын 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірге байқаған.
Квадрокоптердің қонған орнын тексеру барысында жедел уәкілдер оған байланған түйіншекті тапты.
"Ішінде жасыл түсті, өзіндік иісі бар өсімдік тектес зат салынған 11 пакет пен насыбай салынған 2 пакет табылды", – делінген хабарламада.
Оқиға орнында қауіпсіздік шаралары қабылданды.
"Әуе сәлемдемесін" жіберушілерді анықтау және сараптама жүргізу үшін ұшқышсыз аппарат пен тәркіленген заттар жедел-тергеу тобына тапсырылды.