Атырауда сенбілік кезінде жұмысшы жүк көлігінің астында қалып, көз жұмды

540

Аталған жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атырауда сенбілік кезінде жұмысшы жүк көлігінің астында қалып, көз жұмды Фото: inbusiness.kz

Атырау облысы Жылыой ауданында өткен сенбіліктердің бірінде ҚазТрансОйл компаниясының қызметкері көз жұмды. Бұл жағдайды компания растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдай сәуір айының соңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, сенбілік кезінде қызметкерлердің бірі ауыр жүк көлігінің астында қалған. ПД баспасөз қызметі осы жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық қодексінің 104-бабы (абайсызда қазаға ұшырату) бойынша іс қозғалғанын айтты.

"ҚазТрансОйл" АҚ қызметкердің отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта компания оқиғаның себептерін жан-жақты анықтау мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жүргізуде. Тергеу аяқталғанға дейін жазатайым оқиғаның мән-жайы жария етілмейді", – деп мәлімдеді компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу