Атырауда шетелден әкелінген сиырлардың 178-і ауруға шалдыққан

1480

 Оның 81-і бүгінде өліп қалған.

Атырауда шетелден әкелінген сиырлардың 178-і ауруға шалдыққан

Атырау облысында тауарлы сүт өндіру бағытындағы шаруашылықта мал қырылып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Облыстағы шаруа қожалықтарының бірінде 1 мың бастан аса шетелдік голштин-фриз асылтұқымды сиыр бар. Қыркүйек айында басталған індеттен күні бүгінге дейін 178 бас сиыр ауру жұқтырды. Оның 81-і арам қатқан.

Ауырған малдан түрлі биологиялық сынамалар алынып Астана мен Алматыдағы Ұлттық ветеринариялық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарға жіберілген. Мұндағы мамандар ауырған малдың еті қауіпті емес, жеуге жарамды деп тапқан. Осы шешімнен кейін, ауру жұқтырған қалған 97 бас етке өткізілді. Облыстық әкімдік қазіргі жағдай қалыпты екенін айтады.

"Тексерген сиырлардың ағзасынан зат алмасу процесінің айтарлықтай ауытқушылыққа ұшырағаны байқалды. Олар оқшауланып, арнайы егу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ ірі қараға берілетін азық құрамы да өзгертілді. Бүгінде ауру малдардың жағдайы қалыпты", - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Серік Ерментаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу