Атырауда шетелдік жұмыскерлер саны азайды

809

Өткен жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 10 567 квота бөлінсе, биылғы рұқсат саны 7723-ке төмендеген.

Атырауда шетелдік жұмыскерлер саны азайды

Атырауда шетелдіктерді жұмыспен қамту көрсеткіші екі есеге төмендеді. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен шетелдіктерді жұмысқа қабылдау үшін берілетін квота санының азайғаны себеп болған, деп жазды inbusiness.kz.

Айта кетейік, өткен жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға 10 567 квота бөлінсе, биылғы рұқсат саны 7723-ке төмендеген. Ал жыл басынан бері Атырау облысы бойынша  шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссия шешімімен 558 шетел азаматының өтініші қабылданбаған.  

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, бөлінген квота шеңберінде 2021 жылдың 1 қазанына дейін жұмыс берушілерге шетелдік мамандарды қабылдау үшін берілген рұқсат саны 6244-ті құрайды. 

Оның ішінде 1-санат бойынша – 39, 2-санат бойынша – 956, 3-санат бойынша – 4192, 4-санат бойынша – 425, маусымдық шетелдік қызметкерлерге – 621, корпоративтік ауыстыру шеңберінде ауыстырылғандар – 11. Жалпы алғанда, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда 91 057 қазақстандық маман жұмыс жасайды

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу