Жергілікті тұрғын үйінде тиісті рұқсатсыз үлкен питон (жылан) ұстаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттың мәліметінше, әйел салмағы 30 келіге жуық, ұзындығы шамамен 3-3,5 метр болатын жыланды баққан. Питон оның үйінде тұрған, бірақ иесінде мұндай экзотикалық жануарды ұстауға арналған құжат болмаған.
Әйел жабайы жануарларды заңсыз сақтау бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған айыппұл салды. Оның мөлшері 10 АЕК-ті құрады, алайда мән-жайларды ескере отырып, сома 30%-ға қысқартылды.
Нәтижесінде ол 30 275 теңге төлеуі тиіс. Питонның өзі тәркіленіп, енді ол мемлекет меншігіне өтеді.
Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.