"Қатарластарын балтамен қуған": Атырауда мектеп оқушысына қылмыстық іс қозғалды

Салдарынан 2 оқушы жеңіл дене жарақатын алған.

"Қатарластарын балтамен қуған": Атырауда мектеп оқушысына қылмыстық іс қозғалды Фото: Бейнежазбадан

Оқыс оқиғаның 5 ақпан күні Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде болғаны айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қылмыстық іс қозғалған бала – Атырау облысы, Құлсары қаласының 10-сынып оқушысы.

– Хабарлама түскен бойда оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, жасөспірім анықталып, ұсталды. Оқиғаға қатысушылар мен олардың ата-аналары полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 15 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Ішкі істер органдарының есебіне алынды, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданып отыр. Сонымен қатар, жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған. 

– Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді. Тергеу қорытындысы бойынша білім беру ұйымының лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ оқу орнын күзетуді жүзеге асырған күзет агенттігі қызметкерлерінің әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады, – делінген ПД ресми мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу