Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды

339

35 және 34 жастағы екі күдікті ұсталды.

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалағандар ұсталды Фото: Polisia.kz

Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды.

Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу