Атырауда Тудан шу шықты

748

Аудан әкімдігі оның жыртылған билборд екенін алға тартқан.

Атырауда Тудан шу шықты

Атырау облысы Мақат кентінің басшылығы шу тудырған мемлекеттік Туға байланысты түсінік берді. Онда құрылыс материалдары жабылған матаның Ту емес, қатты желден жұлынып кеткен баннердің көгілдір түсті бөлігі екені айтылады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

"Бейнежазбада көрсетілген ол Қазақстан Республикасының Туы емес екендігі туралы және де биылғы жылдың 24 қыркүйегінен басталған секундына 17-22 метр болған қатты дауыл желдің әсерінен жыртылған көлемі 6,3 көк түсті билборд екендігін мәлімдеймін. Бұл ешқандай Қазақстан Республикасының стандартына сай Ту емес екені бейнежазбада анық көрсетілген. Сондықтан бұл бейнежазбаны әлеуметтік желіде таратқан, халықтың наразылығын тудырып теріс ақпарат таратқан азаматқа Заң талаптарына сай шара қолданатындығын ескерткім келеді", – дейді Мақат кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов.

Белгілі болғандай, жұлынып қалған билбордты кейін әкімдіктің ауласына әкеп қойған да, оны тұрғындар сол жерден бейнежазбаға түсіріп, таратып жіберген. 

ҚР техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінен белгілі болғандай, биыл мемлекеттік рәміздердің қолданылуын қадағалау бойынша комиссия 47 рәміздің талапқа сәйкес келмейтінін анықтап, кемшіліктер түзетілген. Оның ішінде 45 жағдай Елтаңбаға, 208 еліміздің Туына байланысты. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу