Атырауда түйелер қырылып жатыр

1753

Су мен шөптің сынамасы алынды, бірақ Атырау зертханасында ешқандай ауытқу табылмады.

Атырауда түйелер қырылып жатыр

Атырауда түйелердің қырылу себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жануарлар Теңіз мұнай-газ кен орны орналасқан Жылыой ауданында қырылып жатыр. Аққызтоғай ауылында 10-нан астам жануар өлсе, кейін Құлсары аудан орталығындағы жеке қораларда түйелер қырыла бастаған.

"Су мен шөптің сынамасы алынды, бірақ Атырау зертханасында ешқандай ауытқу табылмады. Қазіргі уақытта тағы да сынама, соның ішінде жануарлар жайылған жайлаулардан да сынамалар алынды", – деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айтқалиев.

Еске салсақ, көктемде Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде 1,5 мың қой қырылған еді. Олардың неден қырылғанын анықтау үшін бірнеше ай қажет болды. Кейін астаналық мамандар "шешек ауруы" деген диагноз қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу