Атырауда тұрғын үйдегі өрт кезінде бала құтқарылды

102

"Нұрсая" ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйдің балконы өртенді.    

Атырауда тұрғын үйдегі өрт кезінде бала құтқарылды Фото: azh.kz

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті тез арада сөндіріп, жалынның пәтерге таралуына жол берген жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қатты түтінге байланысты 4-қабаттағы пәтерден 2019 жылы туған бала баспалдақ арқылы далаға шығарылды.

Сонымен қатар 45 адам, оның ішінде 15 бала өздігінен сыртқа шыққан. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу