Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойына сотталды

134

Іс 24 томнан тұрды.  

Атырауда Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойына сотталды Фото: Яна Легкодимованың жеке мұрағатынан

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша үкімді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина жүргізді.

Үкім бірнеше ай бойы зерттелген іс материалдарын, атап айтқанда, күдіктілердің хаттарын, марқұм Янаның жүргізген күнделігін, сараптама қорытындыларын және куәгерлердің айғақтарын негізге алды. Сот отырыстарында қылмысқа қатысты тың деректер, мәйітті жасыру жолдары мен айыпталушылардың жауапкершіліктен қашуға тырысу әрекеттері жарияланды.

Прокурорлар қылмыстың ерекше қатыгездікпен және алдын ала жоспарлау арқылы жасалғанын атап өтіп, екі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.

Айта кету керек, бұған дейін Атырауда жантүршігерлік қылмысқа қатысты тың мәліметтер белгілі болғанын жазғанбыз.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың 18 қазанында Янаға танысы қоңырау шалып, үйінен шығып кеткен. Оның денесі 8 айдан кейін ғана табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу