Атырауда Жайыққа батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі табылмады

378

Оқиға 5 шілде күні Индер ауданындағы Есбол ауылында болған.

Атырауда Жайыққа батып кеткен жасөспірімнің денесі әлі табылмады Фото: Бейнежазбадан

Атырау облысының Индер ауданында суға батып кеткен жастағы жасөспірімді іздестіру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға 5 шілде күні Индер ауданындағы Есбол ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2013 жылы туған жасөспірім Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған орында суға түсіп, батып кеткен.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 13 қызметкері, 3 техника және 3 жүзу құралы жұмылдырылды.

– Іздестіру барысында "Наутилус-50" мобильді іздеу кешені арқылы су айдыны түбінің шамамен 1200 шаршы метр аумағы тексерілді. Сондай-ақ құтқарушылар 15 рет суға сүңгіп, тралдау әдісімен 1700 шаршы метрге жуық акваторияны қарап шықты, – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу