banner

Атырауда жалақы қарыздары қайтарылды

712

Жұмыс берушілердің 393 адамға 100,8 млн теңге берешегі болған.

Атырауда жалақы қарыздары қайтарылды

Атырау облысында төрт мыңға жуық мекемені тексерген мониторинг тобы 100 млн теңгеден асатын жалақы берешегін анықтаған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.  

Бұл жөнінде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысында мәлімдеген облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің айтуынша, жұмыс тобы өңірдің 3744 кәсіпорындары мен ұйымдарына мониторинг өткізген. Оның нәтижесі бойынша 6 кәсіпорынның 393 жұмыскердің алдындағы жалақы бойынша берешегі 100,8 млн теңге көлемінде екені анықталады. Бүгінде бұл берешек сома толық өтелген.

Сондай-ақ биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары 163 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 239 заң бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде жұмыс берушілерге 120 ұйғарым беріліп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 131 іс қозғалған және 9,5 млн. сомаға айыппұл салынған.

"2021 жыл басынан бері әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның 53 отырысы, оның ішінде, 15 облыстық, 38 қалалық, аудандық комиссияның отырысы өтті. Облыстық комиссия отырысында 33 мәселе қаралып, 58 ұйым тыңдалды", - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу