Атырауда жалған нөмір таққандарға қарсы күрес басталды

114

Арнайы операцияның тек алғашқы күнінің өзінде тәртіп сашылары 60-тан астам құқық бұзушылықты анықтады.  

Атырауда жалған нөмір таққандарға қарсы күрес басталды Фото: polisia.kz

Атырауда полиция жалған нөмір таққан автокөліктерді анықтау мақсатында ауқымды рейдтер басталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Республикалық "Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі" жедел-профилактикалық іс-шарасы 10 маусымда басталып, 14 маусымға дейін жалғасады.

Көлік ағыны арасынан ереже бұзушыларды анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері "Бүркіт" және "Қорғау" зияткерлік ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ басқа да ведомстволық дерекқорларды пайдаланып отыр. Негізгі назар жалған мемлекеттік нөмір таққан машиналар мен тіркеу ережелерін бұза отырып жүрген автокөліктерге аударылып отыр.

Ведомство атап өткендей, Атырауда бір тәулік ішінде жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін елемей, қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе мотошлемсіз жүрген 50-ден астам жүргізуші де жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу