Атырауда жаппай құс қырылуда

642

Осыдан бірер күн бұрын "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жиырмаға жуық суқұзғын мен шағаланың өлексесін тауыпты. Келесі күні мониторинг жүргізу барысында мамандар тағы да жиырма шақтысын кездестірген.

Атырауда жаппай құс қырылуда

 Енді қазір күніне онға жуық өлі құс тіркелуде, деп хабарлайды Atameken Business. 

Маусымында бес миллионға жуық құс келетін мекенде мұндай жағдайдың орын алу себебі анықталып жатыр. Қазір биоматериал елордадағы "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа" жіберілген. Ал экология департаментінің мамандары резерваттан зертханалық талдау үшін су, топырақ және ауа сынамасын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу