"Сарайға көміп кеткен": Атырауда жоғалған отбасының 2 адамы өлі табылды

409

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ерлі-зайыптылардың денесі өз үйлерінің ауласындағы сарайға көмілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сарайға көміп кеткен": Атырауда жоғалған отбасының 2 адамы өлі табылды Фото: коллаж inbusiness.kz

Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен отбасы мүшелерінің екеуінің мәйіті табылды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қызылқоға ауданында тіркелген.

– Атырау облысының аумағында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта тағы 2 адамның жүрген жерін анықтау мақсатында іздестіру шаралары жалғасуда. Аталған дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырамыз, – деді Атырау облысы ПД бастығы Нұрхат Оразбаев.

Іздестіру жұмыстары тек Атырау облысымен шектелмей, республика көлемінде ұйымдастырылған. Бұған дейін полиция қызметкерлері жоғалған төрт азаматтың ұялы телефон нөмірлері Шымкент қаласында тіркелгенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ полиция департаменті бұл төрт адамнан бөлек, аталған үйдің қызы мен күйеу баласының алдымен Өзбекстанға, кейін басқа мемлекетке кеткенін анықтағанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу