Атырауда жол құрылысын тұрғындардың өздері қадағалайды

1035

Атырауда жол құрылысын тұрғындардың өздері қадағалайды

2018 жылы Атырауда 220  шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр,  деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

2016  жылы қала мен қала маңындағы ауылдардың көшелерінде 96  шақырым жол салынса,  2017  жылы жол құрылысы қарқын алды. Өткен жылдың 12  айында жалпы ұзындығы 267  км 330  көше асфальтталды.

2018  жылы жасалатын жол құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. Жоспар бойынша қала мен маңындағы ауылдардың 207  көшесіне асфальт төселеді. Автокөлік жолының жалпы ұзындығы 220  шақырым.

-Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов атыраулықтарды жол құрылысын бақылауда ұстауға қатысуларын шақырды,-деп хабарлады Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.- Жол құрылысындағы келеңсіздіктерге куә болған  қала тұрғындары  Telegram  қосымшасындағы "Атырау облыстық әкімдігі"  чат-арнасына немесе  "Атырау Цифрлық қабылдау"  қосымшасы  арқылы хабарлай алады. 

Сондай-ақ биыл қала мен селолық округтер аумағындағы 19800  текше метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. 

2018  жылы Атыраудағы 184  көшеге 178 км жаяу жүргіншілер жолын салу үшін ЖСҚ жасауға 25  млн теңге бөлінді. 

Автокөлік жолдары қасынан асфальттанған жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қала мен тоғыз селолық округте басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу