Атырауда жол полициясы 100 жүргізушіге заңсыз айыппұл салған

681

Прокуратура заңсыз қаулының күшін жойды.  

Атырауда жол полициясы 100 жүргізушіге заңсыз айыппұл салған Фото: krisha.kz

Атырау қаласының прокуратурасы жүргізушілерді құжатсыз көлік басқарғаны үшін заңсыз жауапкершілікке тарту тәжірибесінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қолданыстағы заңнамада жүргізушілердің жанында қағаз түріндегі құжаттары (жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі) болуы тиіс деген міндеттің жоқтығына қарамастан, оларды ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартып келген. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңның 7-бабына сәйкес, осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей", – делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.

Қадағалау актісі бойынша 100 заңсыз қаулының күші жойылып, осылайша азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Қадағалау органы әкімшілік іс жүргізу саласындағы заңдылықтың сақталуы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу