Келеңсіз жайт 17 қарашада таңертең М.Баймұханов көшесінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атырау облыстық полиция департаментінің дерегінше, Hyundai көлігінің 2001 жылғы жүргізушісі мен Toyota көлігінің 1987 жылғы жүргізушісі жолды бөлісе алмай, өзара сөзге келген.
Жанжал барысында жас жігіт 38 жастағы жүргізушінің қолын жаралаған.
Құқық бұзушы №2 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына жеткізілді. Онда оған қатысты мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізу, міндетті сақтандыру полисінің болмауы және көлікті белгіленген тәртіпте тіркемегені үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Зардап шеккен жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, "Бұзақылық" бабы бойынша істі қарап жатыр.