Атырауда жылына 65 миллион жұмыртқа өндіріледі

905

Атырауда жылына 65 миллион жұмыртқа өндіріледі

"Алмалы құс" кәсіпорыны мұндай көрсеткішке "Атырау" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының көмегімен жетіп отыр. Фабрика бұған дейін үш есе аз өнім шығарып келген болатын.

Жобаға 40 миллион теңге инвестициялық қарыз беріліп, зауыттағы тауықтардың саны 100 мыңннан екі есеге дейін көбейген. 2013 жылы құрылған құс фабрикасы қазір облыс халқының сұранысын 70 пайызға өтеп отыр. 

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, аймақта жұмыс істейтін жемістер мен көкөністерді өңдеу, консервілеу, мал жүнін өңдеп, тауар шығару зауыттарына да жалпы көлемі 130 миллион теңгеге қаржы бөлінген. 

Қазір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы инвесторлармен бірігіп құны 107 миллиард теңге болатын 35 жобаны жүзеге асырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу