Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды

216

Атырауда аңшылық мылтық пен оқ-дәрілер зират ішінен табылды.  

Атырауда зираттан қару мен оқ-дәрілер табылды Фото: gov.kz

Бұл туралы қаруды жасырған адамның өзі айтып берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өңірлік департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, 13 сәуірде №79 мекеменің жедел бөлімі Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізген.

Ер адамның ерікті түрде берген мәлімдемесінен кейін заңсыз сақталған аңшы мылтығы мен 12 калибрлі 5 оқ табылған. Ер адам қаруды зиратта жасырған.

Қару мен оқ-дәрілер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тәркіленді.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу