Атырауда қайын жұртын қырып салды делінген күдікті күйеубаланың соты басталғалы жатыр

1001

Іс ашық форматта қаралады.

Атырауда қайын жұртын қырып салды делінген күдікті күйеубаланың соты басталғалы жатыр Фото: Бейнежазбадан

Атырау облысында елді елең еткізген қанды қылмысқа қатысты сот процесі басталмақ. Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесінің өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алғашқы сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-ге жоспарланып отыр. Істі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина қарайды.

Өткен аптада Сұлтан Сарсемалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Еске салайық, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша екі немесе одан да көп адамды өлтіру дерегімен, сондай-ақ 188 және 190-баптарына сәйкес мал ұрлау және банк карталарын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Бұған дейін сот медициналық сараптамасы мен тергеу барысында анықталған дәлелдерге сәйкес Наурыз Мұқанғалиевтің 2025 жылдың мамыр айында қайтыс болғаны анықталды. Ал қалған үшеуі қараша айында көз жұмған.

Сараптама Сұлтан Сәрсемалиевті дені сау деп таныған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу