Атыраудағы "Ақжайық" резерватында қамыс өрті әлі сөнген жоқ

164

Қазір 10 гектарда өрт ошағы бықсып жатыр. 

Атыраудағы "Ақжайық" резерватында қамыс өрті әлі сөнген жоқ Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының дерегіне қарағанда, қамыс өрті 1 050 гектарды шарпыған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Төтенше жағдайлар департаменті мен "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты қызметкерлері 165 гектардағы өртті сөндірді. Ал 885 гектар алқапты шарпыған жалын өздігінен сөнді. Бүгін сағат 12:00-де қамыс өртінің таралуы тоқтады. Алайда, 10 гектар аумақта әлі де бықсып жатыр", – деп хабарлады департаменттің департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы. 

Қамыс өрті тұтанған аумақта арнайы құрылған штаб мүшелері сөндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Қазір Атырау қаласында ыстың иісі сезілмейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу