Атыраудағы екі баланың өмірін қиған өртке қатысы бар күдікті қамауға алынды

159

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Атыраудағы екі баланың өмірін қиған өртке қатысы бар күдікті қамауға алынды Фото: inbusiness.kz

Атырау облысының Индербор кентінде пәтер өртеніп, екі бала мерт болып, екі адам ауруханаға түскен еді. Полиция қызметкерлері өртке қатысы бар күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

"Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер өртіне байланысты жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Соның нәтижесінде пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды. Қазір 31 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу