Атыраудағы қамыс өрті әлі толық сөнбей жатыр

105

"Ақжайық" табиғи резерватының 20 гектарында өрт әлі тоқтатылмаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атыраудағы қамыс өрті әлі толық сөнбей жатыр Фото: Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті

"Табиғи резреваттағы қамыс өртін сөндіруге "Қазавиақұтқару" АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақпен тілсіз жау ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су төгілді. Қызыл жалынның елді мекендерге таралу қаупі жоқ, - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан және "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватынан 52 адам, 10 техника, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақта уақытылы ақпарат алмасу үшін командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу