Атыраудағы қойдың неден қырылғаны әлі анықталған жоқ

1039

Малдың ауруы анықталған жағдайда ғана қой иесіне тиісті төлемақы төленеді.

Атыраудағы қойдың неден қырылғаны әлі анықталған жоқ

Атырау облысының Құрманғазы ауданында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, ветеринарлық ахуал тұрақталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері хабарлады, деп жазады 24.kz.

Олардың айтуынша, су, жер және шөп сынамалары алынып, қосымша зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

"Тиісті шаралар қолданылады деп үміттенеміз. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша 800-ден астам малдың шығыны бар екені туралы ақпарат келді. Ауыл шаруашылық саласында бұйрық бойынша аса қауіпті аурулардың тізімі бар, егер сол тізім бойынша малдың ауруы анықталған жағдайда сол кезде ғана малдың иесіне тиісті төлемақы төленеді",– дейді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Әбілқасымова.

Еске сала кетсек, Атырау облысында белгісіз аурудан қой қырылғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу