Атыраудағы қоқыс полигонында өрт болып, аумақ бықсып жатыр

123

Аумақтан түтін 7 сәуір сағат 07:30-да шыққан. 

Атыраудағы қоқыс полигонында өрт болып, аумақ бықсып жатыр Фото: Бейнежазбадан

Атырау қаласындағы қоқыс полигонында тұрмыстық қалдықтар өртеніп, бықсып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖД мәліметінше, оқиға орнына күштер мен құралдар өрт сөндірушілер, "Арнаулы Автобаза" ЖШС барлығы 65 адам, 35 техника жедел түрде жұмылдырылды.

"Оқиға орнында Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары жетекшілік етіп жатыр. Қазіргі уақытта бықсуды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға ТЖМ бақылауында", – деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны 1977 жылы пайдалануға берілген. Соңғы ақпарат бойынша 35 гектар аумаққа 3,5 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналған. 2024 жылы қала билігі ескі полигонды жауып, орнын рекультивациялауға жоба жасады. Алайда бұл жұмыс әлі басталмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу