Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді

133

Іс-шараға 25 арнайы техника жұмылдырылады.

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өртке қарсы оқу-жаттығу өтеді Фото: azh.kz

6 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында республикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқу-жаттығу Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.

Оған ТЖД мен "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС-нің 25 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылады.

Мақсат – өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарын пысықтау және олардың жедел әрекет етуге дайындығын тексеру.

Зауыт аумағында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты мұнда өрт сөндіру көліктерінен басқа да арнайы техника көп жиналады.

"Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұраймыз! Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізіледі", – делінген мекеме таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу