"Нұрсая ықшам ауданындағы диаметрі 426 мм жалпы ұзындығы 3045 метрді құрайтын 87 көп қабатты тұрғын үйлер және №40 орта мектепке жылу беретін магистральді жылу құбырынан 26 желтоқсан күні ақау анықталып, сағат 11:30-да уақытша жөндеу жұмыстары аяқталғанша жылу құбыры тоқтатылды. Атап айтсақ, №1-27, №55-70, №80-11, №112-121 және Нарынбаев 17, 15, сонымен қатар Маденов 14а мекенжайындағы үйлерде жылу беру тоқтатылды", - деді қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров.
Жылу құбырына жөндеу жұмыстарын "Атырау Жылу Жүйелері" АҚ жүргізуде. Компанияның бірінші вице-президенті, бас инженер Әлібек Темірғалиев жұмысқа 15 қызметкер мен 5 техниканың жұмылдырылғанын, жөндеу жұмыстары аяқталған соң жылу беру жүйесі қайтадан іске қосылатынын мәлімдеді.
Еске салайық, осыған дейін Қостанайда 8 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалғанын жазған болатынбыз.