Атыраудағы отбасының өлімі: Күдікті күйеубалаға тағы бір айып тағылды

Жангелдин ауылында "Бүтін бір отбасы мүшелерін өлтірді" деген күдікке іліккен Сұлтан Сәрсемалиевтің жазасы ауырлай түспек.  

Атыраудағы отбасының өлімі: Күдікті күйеубалаға тағы бір айып тағылды Фото: ertenmedia.kz

Қылмыстық іске негізгі күдікті сот санкциясымен 2 айға қамауға алынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ІІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сай, күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты тергеу бұдан былай Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жүргізіледі.

Оның біріншісі 99-баптың 2-бөлігі – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" болса, екіншісі – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық" (188-баптың 2-бөлігі).

– Атырау облыстық Полиция департаменті кісі өлтіру, сондай-ақ, олардың мүлкін ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды және сот оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – деп хабарлады ІІМ.

Еске салайық, Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Индонезия елінде ұсталды. Олардан марқұмдардың жеке куәліктері мен банк карталары тәркіленген болатын.

Күдікті кінәсін толық мойындаған. Ал оның экс-әйелі, 5 баланың анасы Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығында ем қабылдап жатыр. 

Осыған дейін Атырау облысындағы әуелі жаппай жоғалып, кейін бәрі өлі табылған отбасы мүшелеріне қатысты қылмыстың басты себебі айтылған-ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу