Атыраудағы полиэтилен зауытына Еуропадан инвестиция тартылуы мүмкін

Бұл мақсатқа неміс мердігерлері де тартылған. 

Атыраудағы полиэтилен зауытына Еуропадан инвестиция тартылуы мүмкін Фото: atyraupipe.kz

Euler Hermes экспорттық-кредиттік агенттігі "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ның Атыраудағы полиэтилен зауытына Еуропадан қаржы тартуға көмектеседі. Қос тарап осы бағытта ынтымақтасуға келісті, деп хабарлады ҚМГ басшысы Мағзұм Мирзағалиев.

"ҚазМұнайГаз" Атырау облысындағы ірі полиэтилен шығаратын зауытты жобалау сатысынды. Бұл мақсатқа неміс мердігерлері де тартылған. Біз Euler Hermes-пен меморандумға қол қойдық, соған сәйкес компания бізге Еуропадан қаржы тартуға және кепілдендіруге көмектеседі", - деді Мирзағалиев.

Ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неміс компаниясының басшылығымен кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті ресми сапармен Германияға барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу